«СПОРТ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР» АЙДАРЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ

13.01.2025

Академиялық есудің тарихы XIX ғасырдың басында Ұлыбританияда басталған. Бұл спорт алғашында университет деңгейінде, әсіресе Оксфорд пен Кембриджде танымал болды, алғашқы ресми қайық жарыстары да сол жақта өткен болатын.

Академиялық есу 1900 жылы Олимпиада бағдарламасына енгізілді. Содан бері олимпиадалардағы ең танымал су спорт түрлерінің бірі болып есептеледі.

Ескек есуде бірнеше қайық сыныптары бар: жалғыз (1x), екі (2x), төрт (4x), сондай-ақ сегіз (8+), олар ескекпен немесе ескексіз болуы мүмкін.

Академиялық есу – беделді спорт түрлерінің бірі, жылдан жылға көрермендер мен спортшылардың назарын аударын өзіне аударып келеді,

«Астана» олимпиадалық дайындық орталығында академиялық есу спорты бойынша 35 спортшы бар. Барлығының спортқа, жеңіске жетуге деген ынтасы жоғары, түрлі чемпионаттар мен турнирлерде жүлделі орындарға ие болып, әлемдік аренада Қазақстанның спорттық имиджін нығайтуға үлесін қосып келеді. Ел намысын қорғап жүрген ескекшілерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: