Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

28.07.2025

НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

25 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданында нысана көздеу спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды. Дайындық 8 тамызға дейін жалғасып, алдағы Азия чемпионатына дайындық аясында өтуде.

Жиынға 37 спортшы мен 7 жаттықтырушы қатысып жатыр. Олардың арасында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының 17 спортшысы, 2 жаттықтырушысы және команданың массажшысы бар.

Жаттығу процесі ұлттық құраманың бас бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ольга Вячеславовна Довгунның жетекшілігімен өтуде.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: