Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БІРНЕШЕ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
16.01.2026
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БІРНЕШЕ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
11–22 қаңтар аралығында Қатарда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан тамаша нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерін қуантуды жалғастыруда.
Қазақ спортшыларының нәтижелері:
• 1 орын (алтын): Адель Садақбаева — командалық жаттығу «скит»
• 1 орын (алтын): Адель Садақбаева — жеке жаттығу «скит»
• 2 орын (күміс): Эдуард Ещенко — жеке жаттығу «скит»
• 3 орын (қола): Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков — командалық жаттығу «скит»
Спортшыларымызды табысты өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз. Қазақстандық мергендер халықаралық аренада жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.