Жаңалықтар
Эль-Кувейт қаласында оқ ату әлем Кубогіне дайындық өтуде
17.01.2023
Орталық спортшылары оқ ату әлем Кубогі жарысына арналған дайындығын Кувейттің астанасында оқу-жаттығу жиынында өткізуде. 2023 жылдың 10-26 қаңтары аралығындағы оқу-жаттығу жиынына (ОЖЖ) 32 спортшы қатысуда.
ОЖЖ мақсаттары мен міндеттері:
- ашық атыс алаңында жаттығу, ауа-райын ескере отырып ату, ауыспалы жел ағындарында ату тәжірибесін алу;
- Кувейт құрамасымен бірлескен бақылау атыстары, жеңімпаздарды марапаттау арқылы бағамдау;
- спорттық шеберлікті арттыру;
- әр түрлі аймақтардан келген сппортшылардан құралған командадағы үйлесімділік, MIXED TEAM аралас жұптық стратегиясын үлгілеу;
- дене даярлығын жақсарту бойынша жаттығу (қаруды оқ атуға дайындау күйінде ұзақ уақыт ұстап тұру, жаттығу уақытын ұлғайту, дайындықты күні бойы жүргізу);
- аға жаттықтырушының SCATT электрондық жаттықтырғышын спортшымен жеке жұмыс кезінде қолдануы;
- жүктемелерді ескере отырып, сауатты дәрумендеу;
- кардио жаттығу құралдарында фитнес залында күнделікті дайындық өткізу.
Споршыларымызға сәттілікпен жеңіс тілейміз!