Жаңалықтар
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
01–10 ақпан аралығында Астана қаласында академиялық есуден «U19 және U23 жас санаттары бойынша Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына даярлау» мақсатындағы оқу-жаттығу жиыны басталды.
Оқу-жаттығу жиынына орталықтың 14 спортшысы қатысып, оларды тәжірибелі жаттықтырушылар — Ковалев Михаил мен Ибрашев Айшамбек дайындауда.
Спортшылар тізімі:
1. Еркежан Сапарқұл
2. Айдарова Лияра
3. Первушкина Тамара
4. Мадиев Батыр
5. Ануприев Дмитрий
6. Первушкин Семен
7. Кулинич Анастасия
8. Тойганбаев Малик
9. Белоногова Варвара
10. Султанов Бауржан
11. Давыдов Савелий
12. Орынгалиев Айсултан
13. Сұлтан Мейіржан
14. Сексен Арслан
Жиын барысында спортшылардың жалпы және арнайы дене дайындығын жетілдіру, техникалық-тактикалық шеберлігін арттыру, сондай-ақ алдағы халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындық жүргізу көзделген.
Бұл оқу-жаттығу жиыны жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, Қазақстан құрамасының халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуіне маңызды үлес қосады.