Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ СПОРТШЫЛАРЫ ТҮРКІСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТУДЕ

25.02.2026

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ СПОРТШЫЛАРЫ ТҮРКІСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТУДЕ

2026 жылдың 21 ақпанынан бастап академиялық есуден U19 және U23 жас санаттары бойынша Әлем чемпионатына және Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиын Түркістан қаласында ұйымдастырылуда.

Аталған дайындық кезеңіне «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 4 спортшысы қатысуда. Атап айтқанда:

Первушкина Тамара
Ануприев Дмитрий
Первушкин Семен
Сұлтан Мейіржан

Спортшыларды тәжірибелі жаттықтырушылар Ибрашев Айшамбек пен Ковалев Михаил дайындауда.

Оқу-жаттығу жиыны 9 наурызға дейін жалғасады. Жиын барысында спортшылардың техникалық, тактикалық және физикалық дайындығын жетілдіру жоспарланған.

Бөлісу: