Жаңалықтар
СПОРТТЫҚ АТУДАН XVI-АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласында спорттық атудан XVI -шы Азия чемпионаты өз бастауын алды.
Жарыстар 16 мен 30 тамыз аралығында өтеді. Чемпионатқа 26 елден 800-ден астам спортшы қатысуда. Турнир аясында 700-ден астам медаль сарапқа салынады.
Нысана көздеу бойынша спортшылар келесі жаттығуларда бақ сынайды:
· пневматикалық тапанша (10 м),
· тапанша (25 және 50 м),
· мылтық (10 және 50 м),
· қозғалмалы нысана — жекелей және командалық есепте.
Стенд атуда мынадай жаттығулар ұсынылған:
· трап,
· скит,
· скит-микс,
· трап-микс,
· дубль-трап — барлығы да жекелей және командалық есепте өткізіледі.
Қатысушылар тізімі:
1. Садақбаева Асоль
2. Новикова Дарья
3. Чикулаев Артём
4. Сорокина Ангелина
5. Почивалов Максим
6. Горун Виктор
7. Седельников Артём
8. Айсалбаев Асылхан
9. Шапко Максим
10. Бельский Антон
11. Царёв Егор
12. Зайцев Артур
13. Еникеев Ратмир
14. Абдулакимова С.
Спортшыларымызға сәттілік пен чемпионатта жарқын жеңістер тілейміз!