Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ЖЕҢІСКЕ БІР ҚАДАМ ЖАҚЫНДАУ: ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ

22.01.2025

18 қаңтардан бері Өзбекстанның Ташмор кентінде байдарка мен каноэде есуден спортшыларды Азия чемпионатына дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталған іс-шарада «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы М.П Станкеев. жетекшілік ететін Бровкова Мария, Карманова Мария, Иванова Ульяна және Шарапиев Сұлтан спорттық шеберліктерін арттыруда. Жаттығу жиындары 31 қаңтарға дейін жалғасады.

Ташмор кенті өзінің жылы климаты, инфрақұрылымымен танымал, мұның барлығы суда емін-еркін жаттығуға қолайлы жағдай жасайды. Жылы климат қысты күні спортшыларға төзімділік пен есу техникасында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тәжірибелі жаттықтырушы М. П. Станкеевтің жетекшілігімен спортшылар дене шынықтыруды, техникалық дағдыларды және тактикалық дайындықты жақсартуға бағытталған сапалы жаттығулар жасап жүр. Бұл ескекшілердің Азия чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізері сөзсіз.

Жалпы айтқанда, халықаралық жаттығу ортасында чемпионатқа дайындалудың пайдасы зор. Спортшылар басқа спортшылармен тәжірибе алмасып, шеберліктерін арттырады, бұл жеке және командалық дағдыларды жақсартуға ықпал етеді.

Бөлісу: