Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

09.01.2026

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

2026 жылғы 7–24 қаңтар аралығында Түркия Республикасының Алания қаласында жасөспірім қыздар арасындағы тас жол велоспорты бойынша Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жиынның ұзақтығы — 18 күн.

Оқу-жаттығу жиынына «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысуда:
Ташбай Анель,
Кабдулова Аружан,
Проскурина Анна,
Ивановская Ирина.

Дайындық барысына жаттықтырушы Харисов Т.В. жетекшілік етеді. Ал спорттық құрал-жабдықтардың техникалық жай-күйіне механик Стрелецкий А.В. жауапты.

Алания қаласының қолайлы климаттық жағдайында өтетін бұл оқу-жаттығу жиыны спортшылардың физикалық дайындығын арттыруға және Азия чемпионатына сапалы әрі нәтижелі дайындалуына мүмкіндік береді.

Бөлісу: