Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

15.12.2025
ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

2025 жылғы 13–28 желтоқсан аралығында тас жол велоспортынан юниорлар құрамасы Азия чемпионатына дайындық мақсатында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

16 күнге жоспарланған жиын барысында спортшылар тас жолда жалпы жүріс қашықтығын арттырып, күш, икемділік пен үйлесімділікті дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар орындайды.
Жаттығулар теңіз деңгейінен 1600–1900 метр биіктіктегі орта таулы аймақта өтіп, спортшылардың функционалдық дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу жиынына сегіз спортшы қатысуда. Жаттығу үдерісін аға жаттықтырушы Горбачевский В. Н. мен механик Тупченко Д. А. қамтамасыз етуде.

Спортшылар тізімі:
Валиев Альмир,
Третьяков Данил,
Куйтенов Мурат,
Новиков Глеб,
Ташбай Анель,
Кабдулова Аружан,
Проскурина Анна,
Ивановская Ирина

Бұл оқу-жаттығу жиыны юниорлар құрамасының алдағы Азия чемпионатына дайындықтағы маңызды кезең саналады.

Бөлісу: