Жаңалықтар
АСТАНАДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ XXXV ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ
АСТАНАДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ XXXV ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жеңіл атлетикадан ҚР XXXV Қысқы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Чемпионат 2026 жылғы 9–11 қаңтар аралығында өтуде және Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (World Athletics) қолданыстағы ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жарыс барысында еліміздің өңірлерінен келген ерлер мен әйелдер арасында жүгіру, секіру, лақтыру, көпсайыс және эстафеталық жарыс түрлері бойынша бақ сынауда. Чемпионат бағдарламасына барлығы 26 жеке сайыс түрі және 5 эстафета енгізілген.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXV Қысқы чемпионаты 2026 жылғы қысқы маусымның негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға, оның ішінде Азия чемпионатына және жабық кешендегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңдеріне қатысатын құрамы анықталатын болады.