Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ВЕЛОСПОРТТАН VI СПОРТТЫҚ ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

28.07.2025

ВЕЛОСПОРТТАН VI СПОРТТЫҚ ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

27 шілде күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде VI Республикалық жастар спорттық ойындарының, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы омниум санатындағы Қазақстан чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға құрметті қонақтар қатысты:

·         Есембаев Нұрлан Абаевич – Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары

·         Сүлейменов Жетес Дәуренбекұлы – Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы

·         Сатыбалдыев Марат Қуанбайұлы – КСРО спорт шебері, әлем чемпионы

Олар жарысқа қатысушыларды құттықтап, адал бәсеке мен жоғары нәтижелер тіледі.

26 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде VI Республикалық жастар спорттық ойындары аясында юниорлар мен юниоркалар арасында топтық жарыстан шығып қалу сайысы өтті.

Юниорлар арасындағы жеңімпаздар:

1.      Құйтенов Мұрат – Астана қ.

2.      Ерік Арлан – Астана қ.

3.      Азаматұлы Зейнолла – Алматы облысы

Юниоркалар арасындағы жеңімпаздар:

1.      Елькина Мария – Алматы облысы

2.      Көпжасарова Динара – Қарағанды облысы

3.      Тилипская Александра – Астана қ.

Бөлісу: