Жаңалықтар
ҮНДІСТАНДА ВЕЛОТРЕКТЕН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ
ҮНДІСТАНДА ВЕЛОТРЕКТЕН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 29–31 қаңтар аралығында Үндістан Республикасының Чиннай қаласында велотректен Азия кубогы өтеді. Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан Республикасының атынан «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының 10 спортшысы қатысады.
Команданы жарыс барысында аға жаттықтырушы Воржев Павел бастап барады. Сондай-ақ, спортшылардың техникалық дайындығына механик Дмитриев Валерий жауапты болады.
Спортшылар тізімі:
1. Базарбеков Диас
2. Бейсенбаев Ризван
3. Белугин Вадим
4. Маркшталер Артем
5. Скибин Владислав
6. Бралин Мансур
7. Куварин Илья
8. Хоружая Виталина
9. Смаилканова Айгрим
10. Азаматұлы Зейнолла
Азия кубогы — құрлықтың үздік спортшыларын жинайтын маңызды дода. Бұл жарыс қазақстандық велотрекшілер үшін халықаралық тәжірибе жинақтауға және жоғары нәтижелер көрсетуге зор мүмкіндік береді.
Осы орайда, ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!