Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«МЕНІҢ СПОРТҚА КЕЛУ ТАРИХЫМ» АЙДАРЫНДА — СТЕНД АТУДАН СПОРТ ШЕБЕРІ МАКСИМ ПОЧИВАЛОВ

07.08.2025

«МЕНІҢ СПОРТҚА КЕЛУ ТАРИХЫМ» АЙДАРЫНДА — СТЕНД АТУДАН СПОРТ ШЕБЕРІ МАКСИМ ПОЧИВАЛОВ

Почивалов Максим — «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының жас спортшысы, Қазақстан Республикасының стенд атудан спорт шебері, ұлттық құрама мүшесі. Бар болғаны 15 жастағы спортшының тарихы 8 жасынан басталған.

Максимнің спортқа деген құштарлығын әкесі ерте байқап оны өзімен ату алаңына ертіп жүрген. Кейінірек қолына қару алып атып үйренген, басында пневматикалық мылтық қарудан басталған қызығушылық, Максимді үлкен спортқа әкелді. Жас болса спорттық жолында жеткен жетістіктері бар спортшыңа айналды, тіпті халықаралық ареналарда тымызды биікке көтеріп үлгерді.

Жоғары нәтижелерге жету жолы оңай болған жоқ. Спортшының айтуынша, ең қиын сәттердің бірі – «спорт шебері» атағына талап етілетін нормативті орындау еді. Осы кезеңде Максим күйзеліске түсіп, бір айға демалысқа шықты, себебі артылған жауапкершілік пен қысым оны ұзақ уақыт өзіне келе алмауына себеп болды. Бұл – оның ішкі күресіндегі ең ауыр кезең болды. Қайта оралу оңай болмады, бірақ ол ерінбей еңбек етіп, жаңа құралға бейімделе отырып, қалпына келді. Алайда берілмей, қателіктерін саралап, техникасын жетілдіріп, біртіндеп бұрынғы деңгейіне оралды.

Максим үшін ең маңызды жетістіктердің бірі – «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленуі. Спортшы бұл мәртебені бала кезіндегі арманының орындалуы деп есептейді. Бұл жеңіс оның отбасы үшін, әсіресе жанынан үздіксіз қолдау көрсеткен әкесі үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш болды.

Жас спортшы өз шеберлігін тек ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де дәлелдеді. Италияда өткен беделді Green Cup жарысында ол қарсыластарын басып озып, бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс — оның таланты мен еңбегінің, табандылығы мен төзімділігінің айқын дәлелі.

Бүгінде Максиммен бірге екі білікті бапкер тығыз жұмыс істеп келеді. Олар оның техникасын жетілдіріп, кәсіби дамуына барынша үлес қосуда. Стенд атуда жетістікке жетудің басты шарттары — техникалық дәлдік, қозғалыс үйлесімділігі және зейінді жоғалтпау. Ал бұл қасиеттер – Максимнің бойында бар. Ол күн сайын өзін шыңдап, жаңа биіктерге ұмтылып келеді.

Оның жанында әрдайым туған-туыстары, достары, жаттықтырушылары және командадағы серіктестерінің қолдауы бар. Бірақ бәрінен де маңыздысы — әкесінің рөлі. Ол Максим үшін тек кеңес беруші ғана емес, ең басты жанкүйері, сырлас досы және мызғымас тірегі. Соңғы жасөспірімдер ойындарында әкесі ұлының әр оғымен бірге қобалжып, әр жеңісімен бірге қуанып, жанынан табылды.

Максимнің алға қойған мақсаты биік — Қазақстанды әлем чемпионатында лайықты түрде таныстырып, болашақта Олимпиада ойындарында өнер көрсету. Ол бұл арманына жету үшін тер төгу, тәртіп пен табандылықтың қажет екенін жақсы біледі және ол осы жолда соңына дейін күресуге, барлық қиындықтардан өтуге дайын.

 

Бөлісу: