Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

«АСТАНА» ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАУ БАСТАЛДЫ.

07.11.2025

«АСТАНА» ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАУ БАСТАЛДЫ.

«Астана» Олимпиадалық даярлық орталығында есептік бапкерлік кеңестер басталды. Кеңестер барысында Қазақстан Республикасының жастар, юниорлар және жасөспірімдер ұлттық құрамаларын дайындау жұмыстарының қорытындылары шығарылып, алдағы маусымға арналған жоспарлар талқыланды.

6 қараша күні орталық директорының орынбасары Айгүл Бектенованың төрағалығымен өткен отырыста «Байдарка мен каноэ есу» бөлімінің бапкерлері атқарылған жұмыстар, спортшылардың жетістіктері және жаңа маусымдағы мақсаттар жөнінде баяндама жасады.

Есептік баяндамалармен Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Сергей Тиунов пен жасөспірімдер және юниорлардың аға бапкері Максим Станкеев сөз сөйледі.

Жиналыста спортшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, спорт түрін өңірлерде дамыту, спорттық резервті нығайту және спортшыларға кешенді қолдау көрсету мақсатында мамандармен өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Бөлісу: