Жаңалықтар
«АСТАНА» ОДО-да СПОРТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
20.11.2025
«АСТАНА» ОДО-да СПОРТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (AREMS) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 19 қараша күні спорт және дене шынықтыру саласындағы жаттықтырушылар мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Спорттық психология» бағыты бойынша «Кәсіби шаршау және оны еңсеру тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда спорттағы бәсекелестіктің артуы мен нәтижеге қойылатын талаптардың күшеюі эмоционалдық және кәсіби шаршау мәселесін өзекті етіп отыр. Сол себепті мұндай семинарлар жаттықтыру үдерісінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Оқыту барысында қатысушылар күйзеліс механизмдерін тереңірек түсініп, кәсіби шаршаудың алдын алу әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, спортшылардың эмоционалдық қиындықтарды еңсеруіне қолдау көрсету тәсілдері талқыланып, мотивация мен жұмыс қабілеттілігін сақтаудың тиімді жолдары қарастырылды.