Жаңалықтар
ТҮРКИЯДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
28.01.2026
ТҮРКИЯДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
25 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Түркияның Аланья қаласында юниор қыздар арасында тас жол велоспортынан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жиын алдағы Азия чемпионатына мақсатты түрде дайындалу аясында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу жиынына «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының төрт спортшы қызы, жаттықтырушы Харисов Т.В. және механик Стрелецкий А.В. қатысуда. Дайындық бағдарламасы спортшы қыздардың жалпы функционалдық және арнайы дене дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған.
Спортшылар тізімі:
- Ташбай Анель
- Кабдулова Аружан
- Проскурина Анна
- Ивановская Ирина
Спортшы қыздарымызға сәтті дайындық пен алдағы жарыстарда жоғары нәтижелер тілейміз!