Велошабандоздар халықаралық жарыстарға дайындалуда

05.07.2024

Қазіргі уақытта «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының жасөспірімдер трек-темп бөлімінің спортшылары халықаралық жарыстар алдында арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұл оқу-жаттығу жиындары әрбір қатысушы үшін маңызды кезең болып табылатыны сөзсіз, сондықтан маңызды жарыстар алдында физикалық дайындық пен шеберліктерін шыңдауға берілген мүмкіндік. Оқу-жаттығу жиындары 2024 жылғы 28 маусымнан 13 шілде аралығында Алматы облысы Талғар қаласында өтеді. Орталықтан 6 велошабандоз, сондай-ақ жаттықтырушы мен механик қатысып жатыр.

Трек темп бұл шабандоздардың жолда жарысатын велоспорт пәні, бұрылыстары бар арнайы салынған жол. Велосипед жолдарының түрлері көп, бірақ ең көп тарағаны ағаштан немесе бетоннан жасалған, тік бұрылыстары және түзу учаскелері бар ұзындығы 250 метрлік жолдар. Велотрек спортшылардан жоғары төзімділікті, тамаша үйлесімділікті және бүкіл қашықтық бойына жоғары жылдамдықты сақтай білуді талап етеді.

Трек-темп жолының ерекшелігі жоғары жылдамдықта дөңгелекті максималды ұстауды қамтамасыз етеді және бұрылыс кезінде жылдамдықты жоғалтуды азайтады. Көлбеу бұрылыстар велосипедшілерге жылдамдықты аз жоғалту арқылы бұрылыстарды жүріп өтуіне мүмкіндік береді, бұл әсіресе уақыт сынақтарында өте маңызды. Сондай-ақ, велотректің ерекшелігі шабандоздардан тек физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар қашықтықтың барлық кезеңдерінде жарысты стратегиялық жоспарлауды, өз күшіне сенуін және энергияны дұрыс бөлуді талап етеді.

Бұл оқу-жаттығу жиындары жас спортшылардың физикалық және техникалық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсету үшін қажетті тәжірибе жинақтауына көмектеседі.

Бөлісу: