Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДАЛУДА

10.09.2025

ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДАЛУДА

8–13 қыркүйек аралығында тас жол велоспортынан жасөспірім спортшылар арасында халықаралық «Trofeo Buffoni» жарысына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жиын Испания Корольдігінің Кантабрия провинциясы мен Италия Республикасының Форте-деи-Марми коммунасы аумағында ұйымдастырылуда.

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығынан бұл жиынға бапкер Горбачевский Владимир Николаевичтің жетекшілігімен төрт спортшы қатысуда:

1.      Валиев Альмир

2.      Чжан Кирилл

3.      Күйтенов Мурат

4.      Подлужный Павел

Жиынның мақсаты — халықаралық жарыстарға сапалы дайындық жүргізу, жарыс өтетін жолмен танысу, түсірілім техникасын пысықтау, таулы аймақта күштік жұмыс жүргізу және қажетті қашықтықты еңсеру арқылы спортшылардың жылдамдық-күштік қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Спортшыларымызға алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!

Бөлісу: