Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

АЗИЯ КУБОГЫНДАҒЫ АЛТЫН ЖҮЛДЕ

02.02.2026

АЗИЯ КУБОГЫНДАҒЫ АЛТЫН ЖҮЛДЕ

29–31 қаңтар аралығында Үндістанда велоспорттан Азия кубогы өтті. Аталған халықаралық жарыста «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел қоржынына жүлделі орындар салды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

  • Азаматулы Зейнолла — 1 орын, скретч дисциплинасы (юниорлар)
  • Бралин Мансур — 3 орын, спринт дисциплинасы

Аталған нәтижелер спортшылардың жоғары дайындығын, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының жүйелі әрі сапалы жұмысының жемісті екенін көрсетті.

Спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын велоспорттан Азия кубогындағы сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық және республикалық жарыстарда жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер тілейміз.

Бөлісу: