«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы

Тас жол велоспорт

Велосипед спорты туралы деректер!

Латын тілінен аударғанда «велосипед» сөзі «velox» - жылдам және «pes» – аяқ дегенді білдіреді. Көліктің бұл түрін XIX ғасырда ойлап тапты. Профессор Карл Фон Дрейс - 1817 жылы оның екі доңғалақты скутер түрінде жасалған алғашқы нұсқасының авторы. Велосипедтің дизайнын жаңарту көптеген жылдар бойы жалғасып келеді және бұл экологиялық таза көлік түрі 200 жыл бойы көлік ретінде және спортпен шұғылдану үшін қолданылады.

1868 жылы Францияның астанасы Парижде велосипед жарысы өтті, бұл велоспорттан алғашқы ресми жарыс болып саналады. 1870 жылдан бастап көптеген елдер велосипед жолының құрылысын бастаған.

Тректегі веложарыстан алғашқы әлем чемпионаты 1893 жылы Американың Чикаго қаласында өтті. 1896 жылы Афинада велоспорт алғаш рет Олимпиада ойындарының қатарына енгізілді, 1908 жылдан бастап жұптық жарыстар да қосылды. Велоспорттан Олимпиада ойындарына әйелдердің қатысуы 1984 жылдан басталады. Тау велосипедтерімен жарысуға арналған арнайы велотрасса бойынша жарыстар 1996 жылдан бастап өткізіле бастады.

Қазақстандағы велоспорт тарихы

Қазақстанда спорттың осы түрінің тарихы қызықты фактілерге ие және жарқын тұлғалармен тығыз байланысты. Велоспорттың құрылған күні 1914 жылдың 6 шілдесі болып саналады, бұл күні Ақтөбе қаласында өткен веложарыста Сибогат Забиров алтын медальға ие болған. 1918 жылдан бастап Петропавл, Қызылорда, Орал және басқа да бірқатар қалаларда велосипедшілер үйірмелері жұмыс істей бастады. 1928 жылы Петропавл қаласында бірінші Спартакиада өтті және алғаш рет Алматы — Шымкент — Алматы велошеруі басталды, 1934 жылдан бастап велошеруден оқушылар спартакиадасы өткізіле бастады.

Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан спортшылары бүкілодақтық жарыстарда сәтті өнер көрсете бастады. 1948-50 жылдары өткен Орта Азия мен Қазақстан Республикасының спартакиадаларында қазақстандықтар тұғырдың жоғары сатысына көтерілді.

1961 жылы Ленинград жолындағы топтық жарыста тұңғыш Қазақстандық КСРО чемпионы Владимир Жарков алтын медаль жеңіп алды, 1966 жылы КСРО құрамасындағы отандасымыз ГДР-Польша-Чехословакия әлемдік веложарысының жеңімпазы болды. Халықаралық жарыстар мен КСРО чемпионаттарында қазақстандық велошабандоздардың даңқты дәстүрін В. Кухарский, О. Тусумханов, А. Степаненко, В. Штыхлин, Н. Лиханова (Қаратаева), В. Продан, В. Кравченко, Д. Сапажанов, Т. Көлбаев, В. Голушко және басқа да спортшылар жалғастырды. Республиканың жас велошабандоздары арасынан спорт резервін дайындауға 1970 жылы басталған "Қазақстан оқушысы" халықаралық көпкүндік жарысы түрткі болды.

Қазақстандық велоспорт тарихында 1989 жылы Францияның Леон қаласындағы топтық тректе Әлем чемпионы, КСРО – ның бес дүркін чемпионы Марат Сатыбалдиев ерекше орын алады. Қазіргі таңда осы даңқты спортшы, қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы жүлдесіне арналған 2010 жылдан бері Қызылордада ұйымдастырылатын жарыста республиканың барлық аймағынан жас велошабандоздар бас қосып өзара сайысады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның велоспорты жоғары халықаралық деңгейге көтерілді. 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы қатысқан болатын. Александр Винокуров 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болса, 2003 жылы «Тур де Франс» жалпы есебінде 3-ші орын алды, 2012 жылы тас жолдағы велоспорттан Лондонда XXX Олимпиада чемпионы атанды.

2006 жылы Азия құрлығы елдерінің арасында Қазақстан бірінші болып «Астана» кәсіби велокомандасын құрып, сол жылы А.Винокуров пен А. Кашечкиннің жеңісімен жоғары дивизионның ең мықты велокомандаларының құрамына кірді, олар Испанияның Вуэльта қаласында өткен көпкүндік жарыста 1 және 3 орындарға ие болды.

2011 жылы Қазақстанның жас астанасы Астана қаласында бірегей сәулет жобаларының бірі – «Сарыарқа» республикалық велотрегі, әлемдегі ең үздік спорт нысандарының бірі деп танылған көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Велошабандоздың бас киімі түрінде жасалған «Сарыарқа» велотрегінде техникалық жабдықтау әлемдік стандарттарға сай келеді және оның аренасында әлемнің үздік велошабандоздары бақ сынайды. Алматы қаласындағы «Спартак» велотрегін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, ең озық технологияларды пайдалануға мүмкіндігі қарастырылған жаңартылған нысан 2021 жылдың қыркүйегінде ашылады деп күтілуде.

2011 жылғы қарашада Астана қаласында қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткішпен тректе велоспорттан Әлем Кубогының бірінші кезеңі өтті. 2014 жылы Астана және Қарағанды қалаларында алғаш рет трек пен тас жолда велоспорттан Азия чемпионаты өтті. 2015 жылы елордада трек жарысынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты сәтті өтті. 2019 жылы «Сарыарқа» велотрегінде Cl2 және CL1 класы бойынша халықаралық «Silk Way Series Astana» жарыстары өтті.

«Тур Алматы» халықаралық кәсіби веложарысы 2013 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік астанасында (2020 жылды есепке алмағанда) өтуде, биыл әлемнің ең мықты велосипед командаларының қатысуымен тур 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтеді деп жоспарлануда.

2018 жылғы Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер олимпиадасының алтын медалінің иегерлері - Г. Брусенский және Е.Федоров. Қазақстандық велоспорт үшін 2020 жыл да табысты болды - Қазақстанның чемпионы Алексей Луценко «Тур де Франс» көпкүндігінің алтыншы кезеңін жеңіп өз мансабында ең үлкен жеңіске жетті.

Велосипед спорты

Велосипед спорты тас жолда, жолда, ойлы-қырлы жерлерде, тау велосипеді, велокросс, ВМХ сияқты жарыстарды қамтиды.

Велосипед спортынан халықаралық жарыстардың халықаралық реттеуші органы және ұйымдастырушысы Швейцарияда орналасқан Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) болып табылады. Ұлттық деңгейде мұндай функцияларды Қазақстанның велосипед спорты федерациясы атқарады.

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшыларын даярлау туралы

Орталықта велоспорттың үш түрі бойынша 136 спортшы мақсатты дайындықтан өтеді:

  1. Тас жол.
  2. Трек.
  3. Маунтинбайк.

Тасжол велоспорты

Тасжол велоспорты - тасжол велосипедтерде қатты жабынды жолдармен жарысатын велоспорт сайысының бірі және жазғы спорт түрлеріне жатады, маусым ерте көктемде басталып, күзде аяқталады.

1896 жылдан бастап Олимпиадалық спорт түрі болып табылады.

Тасжол веложарыстары келесі түрлерге бөлінеді: классикалық біркүндік, критериум, көпкүндік және гранд тур.

Олимпиадалық түрлеріне топтық жарыс және жеке жарыс кіреді. Олимпиадалық емес түрлеріне - командалық жарыс, көпкүндік жарыс, тауға шығу жарысы, критериум, жұптық жарыс жатады.

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы тасжол велоспорты бойынша 5 бөлім аясында спортшыларды дайындайды:

1. Жасөспірімдер (тасжол) - 11 спортшы.

Аға жаттықтырушы Горбачевский Вадим Николаевич - ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, біліктілігі жоғары, жоғары санатты жаттықтырушы. Барлық 11 спортшы-СШҮ. Жетекші спортшылар - Ремхе Андрей, Стрельников Егор, Ремхи Рудольф.

2. Жасөспірімдер (тасжол) - 7 спортшы.

Аға жаттықтырушы Брусенская Валентина Анатольевна - ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, біліктілігі жоғары, жоғары санатты жаттықтырушы. Барлық 7 спортшы СШҮ болып табылады. Жетекші спортшылар - Мандракова Елена, Батырбекова Бота.

3. Ұлдар (тасжол, трек, маунтинбайк) - 30 спортшы.

Аға жаттықтырушы Елькин Валерий Геннадьевич – біліктілігі жоғары, жоғары санатты жаттықтырушы, аға жаттықтырушы Кулимбетов Нұрболат Бақбергенұлы – біліктілігі жоғары, жоғары санатты жаттықтырушы, аға жаттықтырушы Харисов Тимур Викторович - біліктілігі жоғары, жоғары санатты жаттықтырушы.

Барлық 30 спортшы - СШҮ. Жетекші спортшылар - Белугин Вадим, Безьянов Даниил, Сичкарев Вячеслав, Житниковский Игорь, Әмірхан Мұхаммедамин.

4. Қыздар (тасжол, трек, маунтинбайк) - 13 спортшы.

Аға жаттықтырушы Николаева Елена Анатольевна - біліктілігі жоғары, бірінші санатты жаттықтырушы.

Барлық 13 спортшы - СШҮ. Жетекші спортшылар - Склярова Елизавета, Қазақбай Дарья, Габайдулина Кристина.

5. Әйелдер (әйелдер) - 13 спортшы.

Аға жаттықтырушы Килибаев Александр Бисенбиевич - біліктілігі жоғары, жоғары санатты жаттықтырушы.

13 спортшының 5-і ХДСШ, 7-і СШ, 1-і СШҮ. Жетекші спортшылар - Кузьмина Марина, Соловьева Анжела, Өсім Ақпейіл, Саркулова Алина.