Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

Спорт секциялары

Жүзу

«Сарыарқа» фитнес-орталығы сізді жүзу секцияларына шақырады!

Жүзу спорты көңіл-күйді көтеріп, денсаулықты жақсартады. Бассейнде шомылу жас, жыныс талғамайды. Бастысы – қарсы көрсетілім болмауы керек. Ұшаң-теңіз пайдасы бар спорттың бұл түрімен айналысу арқылы бойды сергітіп, күйзелістен арылуға болады. Сонымен қатар, адамның иммунитеті көтеріліп, тыныс алу мен жүрек-қан тамыр жүйесі жақсара түседі. Суда жүзу барысында барлық бұлшық ет қимылдағандықтан, дененің сымбаттылығы артып, қимыл-қозғалыс қызметі жақсарады, буындар бекіп, омыртқа ауруларының алдын алуға септеседі. Зат алмасу қарқыны 50-75%-ға реттеледі.

«Сарыарқа» фитнес орталығының кәсіби жаттықтырушылары балалар мен ересектер үшін жеке және топтық сабақтар өткізеді. Ұл-қыздарды секцияға қабылдау 7 жастан бастап жүргізіледі.

Суда жүзуді үйрету сабақтары 2 бассейнде өтеді:

  • бассейн 25м х 17м, тереңдігі - 2 метр, 6 жолақ, су температурасы - 27С;
  • бассейн 13м х 6м, тереңдігі - 1 метр, температурасы - 30-31с (балалар үшін).

Біздің фитнес-орталығымызда келушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Яғни, шкафтар, киім ауыстыратын және душ бөлмелері бар.

Сабақтың бағасы:

Балалар үшін:

Сынақ сабағы – 3 000 тг

12 сабақ – 22 500 тг

Ересектер үшін:

Сынақ сабағы – 4 000 тг

12 сабақ – 30 500 тг

Анықтама телефондары:

+7 702 250 58 59 Нұрғалиев Айдар;

+7 778 580 62 08 Нұржақсынов Еркебұлан;

+7 705 659 99 69 Исмағұлов Сұлтанбек.

Артқа