Спорт секциялары
Волейбол
Волейбол — мақсатшыл әрі жігерлі жандарға арналған спорт түрі. Бұл ойын адамның зейінін дамытып қана қоймай, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Ойын барысында әр ойыншы өз рөлін жауапкершілікпен орындап, сабыр сақтауды, командалық жұмыс арқылы ортақ нәтижеге қол жеткізуді меңгереді.
Жүйелі жаттығулар төзімділік пен тәртіпті қалыптастырып, күш-қуатты арттырады. Сонымен қатар, тактикалық ойлау мен стратегиялық түсінікті дамытады. Волейбол — көшбасшылық қабілеттерді ашуға және өз-өзіне деген сенімділікті нығайтуға ықпал етеді.
Сабақтар тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен өткізіледі. Олар әуесқой ойыншыларға да, жоғары нәтижеге ұмтылатындар үшін де қолайлы жағдай жасайды.
Сабақ бағасы:
«Fly Volleyball Club» мектебі
- Танысу сабағы – 2 000 тг
- 12 сабақ – 25 000 тг
Анықтама үшін телефон:
+7 705 899 2857 (Арайлым)