Жаңалықтар
ТРЕКТЕ ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ТРЕКТЕ ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының алғашқы Қысқы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл чемпионат 2026 жылғы веломаусымның басталуына жол ашып, отандық велоспортты дамытудағы маңызды оқиғаға айналды.
Чемпионат аясында спортшылар жеке және командалық жарыстарда, кейрин, спринт, мэдисон, омниум және басқа да дисциплиналар бойынша бақ сынауда. Жарысқа елдің ең мықты ерлер және әйелдер велоспортшылары қатысуда.
Қысқы чемпионатты өткізу велосипед спортын кеңінен насихаттауға, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстан жастары арасында салауатты өмір салтын ілгерілетуге бағытталған.
Жарыс 11 қаңтарға дейін жалғасады.