Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы

СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

04.02.2026

СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде спортшылар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында есірткі заттарын қолдану, темекі шегу және алкогольді ішімдіктерді тұтынудың адам денсаулығына және спорттық нәтижелерге тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында мамандар зиянды әдеттерді психологиялық және медициналық тұрғыда қарастырды. Орталық психологы Шарипова Алия Асқарқызы тәуелділіктің қалыптасу механизмдері, психологиялық тәуелділіктің себептері және оның жеке өмір мен кәсіби спорттағы салдары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу және олардан бас тарту жолдарына тоқталды.

Іс-шараға қатысқан дәрігер Намазов Ерлан Әліпжанұлы салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, зиянды заттардың спортшы ағзасына тигізетін әсерін түсіндірді. Оның айтуынша, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау – жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі.

Профилактикалық іс-шара спортшылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінуге ықпал етті.

Бөлісу: